Өткен жылы 746 заң бұзушылық анықталды

Өткен жылы Түркістан облысындағы 6 кәсіпорынның 4 890 қызметкерге берешегі бар екендігі белгілі болып, 454,7 млн. теңге көлеміндегі жалақы қарызы анықталған. Тиісінше, бұл қарыздар өткен жылдың соңына дейін толық өндірілген. Сондай-ақ, қазіргі таңда 101,2 млн. теңге жалақы қарызы бойынша бір мекеме басшысына нұсқама беріліп, әкімшілік шаралар қолданылған. Бұл жайында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Амангелді Әліш БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. 

«Өткен жылы департаментте 2 958 азаматтың арыз-шағымы тіркелген. Оның 2 073-і қаралып, 350-іне тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 746 заң бұзушылық анықталды. Осы бойынша мекемелерге 35,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 31,5 млн. теңгесі өндірілді. Келіп түскен арыз-шағымдардың 67%-ы мемлекеттік органдарға қатысты болса, 33%-ы жеке сектордан. Шағымдардың 68%-ы білім беру саласына, 12%-ы денсаулық сақтау саласына тиесілі. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелерге түскен арыз-шағым 8%-ды құраса, әлеуметтік салаларға түскен шағым – 2%-ды, өзге салаларға  түскен шағым 10%-ды құрады» деді департамент басшысы.
Сонымен қатар, өткен жылы өндірістік жарақат орын алуына байланысты 104 хабарлама түскен. Департамент тарапынан анықтау жұмыстары жүргізіліп, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға ретінде тергеп-тексеруге жатпауына байланысты 48 хабарлама бақылаудан алынып тасталған. Жалпы, жыл ішінде 50 жазатайым өндірістік оқиға орын алып, салдарынан 57 адам зардап шексе, 8 адам қайтыс болған.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Оқушылар полиция бөліміне экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына…
Толығырақ

Түркістан облысының полициясы жедел қызметтің қорытындысын шығарды

Түркістан облысы Полиция департаментінде полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің төрағалығымен ведомство басшылығы, қызметтер мен аумақтық бөлімшелер бастықтарының қатысуымен кеңейтілген…
Толығырақ

Полиция мерекемен құттықтайды

25 қазан – Республика күніне орай Сайрам ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен салтанатты шеру өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары…