Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері қаралды

«Аудан әкімдігі жанынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Илияс Тұрнияз ашып, жүргізді» деп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан көлеміндегі бөлімдерде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар қаралды.

Аталған мәселе жөнінде аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіп, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді атап өтті.

Комиссия отырысында күн тәртібіне енгізілген екінші мәселе бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат Омаркуловтың есебі тыңдалды.

«Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің қызметіне қатысты ішкі талдау жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы бақылауды жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді» дейді аудан әкімінің баспасөз қызметі.

habarlike.kz/

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…
Толығырақ

Келесте жаңа көпір салынады

Түркістан облысының Келес ауданында Келес өзенінен өтетін ескі көпірдің орнына жаңа көпір салу жоспарлануда. Аталған жағдай облыс басшылығының…