Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке қабылдауға келген азаматтар қатысып, тұрғын үй алу, елді мекендердегі жол сапасы мен көшелерді жарықтандыру, тұрғын үйлерге газ кіргізу, ауыз су нысандарын жөндеу, электр бағаналарын ауыстыру, сондай-ақ суармалы жерлерге қатысты мәселелерді қозғады.

Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Көтерілген мәселелерге байланысты жауапты бөлім басшылары мен сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын атап өтті.

– Халықтың өтініші – біздің жұмысымыздың басты бағыты. Әр мәселе назардан тыс қалмайды, тиісті заңнамаларға сәйкес кезең-кезеңімен шешіледі, – деді аудан әкімі Азат Оралбаев.

Жеке қабылдау қорытындысымен өтініштердің орындалуын бақылау және құжаттандыру жұмыстары тиісті бөлімге бекітілді.

habarlike.kz/

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…