Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара өткізді

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасы қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері аудан тұрғындарымен кездесіп, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, күмәнді сілтемелер мен жалған қоңыраулардан сақтану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық брошюралар таратылды.

Сондай-ақ сауда орындарында және аудан орталығындағы LED-экрандарда интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық бейнероликтер көрсетілуде.

Аталған профилактикалық жұмыстар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтық фактілерінің алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ, полицейлер интернет алаяқтық пен жол қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді

Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы мен бірінші орынбасары Азамат Сәрсенқұловтың басшылығымен қала аумағында кешенді профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Шара барысында қоғамдық көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігі мен интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды және аудио хабарламалар жолданды.

Сондай-ақ сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда интернет алаяқтықтан сақтану жөніндегі аудио ескертулер тұрақты түрде берілуде.

Шараның мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алаяқтық қылмыстардың алдын алу.

П.Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі…