Түркістан облысында 300 орындық мектеп ашылды

Төлеби ауданына қарасты Қосағаш елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық жаңа мектеп салтанатты түрде пайдалануға берілді. «Келешек мектебі» – білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи үлгідегі мектеп. Мұнда кең әрі жарық сыныптар, пәндік және зертханалық кабинеттер, интерактивті тақталар, робототехника және IT сыныптары, компьютерлік кабинеттер, үйірме бөлмелері, жайлы кітапхана мен оқу залдары қарастырылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталды. Жалпы жер аумағы – 1,97 гектар. Оқушылардың қауіпсіздігі басты назарға алынып, мектеп ғимараты бейнебақылау, өртке қарсы заманауи жүйелермен толық жабдықталған. Инклюзивті білім беру талаптарына сай пандустар мен арнайы санитарлық тораптар орнатылған. Сонымен қатар спорт залы, ашық спорт алаңдары және заманауи асхана оқушылар игілігіне берілді.

«Ашылу рәсіміне аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров қатысып, жиналған қауымды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтады.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында Төлеби ауданында өзге де білім беру нысандары ел игілігіне тапсырылуда. Нақтырақ айтқанда, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Киелітас елді мекенінде 900 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер»…