Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер болып табылады. Есірткі адамдардың денсаулығына, әлеуметтік байланыстарға және экономикаға жойқын әсер етеді.
Есірткіге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Нашақорлыққа қарсы күрес мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және әрбір адамның бірлескен күш-жігерін талап етеді. Есірткінің таралуын болдырмау және осы мәселеге тап болғандарға салауатты және толыққанды өмірге оралуға көмектесу үшін алдын-алуға, оңалтуға және білім беруге назар аудару маңызды.
Түркістан облысында есірткіге қарсы жүргізілген жүйелі әрі кешенді шаралар өз нәтижесін берді. Жыл басынан бері облыс полицейлерімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 425 дерек анықталған. Қоғамды улайтын қауіпті індетке қарсы күресте заманауи тәсілдер де кеңінен қолданылуда. Интернет арқылы есірткінің таралуына тосқауыл қою мақсатында 1 400-ге жуық сайт бұғатталды.
Заңсыз айналымға тосқауыл қою бағытындағы жедел іс-қимыл барысында 1 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев журналистерге берген брифинг барысында мәлімдеді.
Бірнеше ай бойы жүргізілген «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара мен Созақ аудандарынан ірі есірткі алқаптары анықталып, мыңдаған түп қарасора мен көкнар, сондай-ақ тіркелмеген қару тәркіленді.
habarlike.kz