Цифрлық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Полицейлер Келес ауданы аумағында орналасқан мешіттерде жұма намазы уақытында тұлғаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында алаяқтардың кең таралған қылмыстық тәсілдері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын интернет алаяқтық түрлері, сондай-ақ күмәнді сілтемелер мен белгісіз нөмірлерден сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындарға жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, банк карталарының реквизиттерін бөгде адамдарға бермеу, күмәнді жағдайлар туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажеттігі ескертілді.

Аталған профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Шорнақта халықпен ашық диалог өтті

Сауран ауданындағы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдауы аудан орталығы – Шорнақ ауылындағы мәдениет үйінде…
Толығырақ

Жәбірлеуге жол берілмейді

Түркістан обылысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік…