Қоғамдық қауіпсіздік баршаға ортақ міндет

Полицейлер «Қауіпсіз аула» іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жастар мен кәмелетке толмағандар жиі шоғырланатын орындарға құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету баршаға ортақ міндет екенін ескертеді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Мақтаарал ауданының полицейлері тарапынан алкоголь өнімдерін өткізу тәртібінің сақталуына ерекше назар аударылып, дүкендер мен сауда орындары тексерілді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған бірнеше азық-түлік дүкені анықталып, алкоголь өнімдерін сатудың белгіленген тәртібін бұзу дерегі бойынша әкімшілік шара көрілді» дейді баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар полиция бөлімінде профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts