Жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады.
Полиция қызметкерлері Түркістан қаласы шағын аудандарының бірінде Mercedes автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер күдіктіні тексеру кезінде есірткі заттарын тапты. Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 5 грамм мефедрон синтетикалық есірткі, сондай-ақ шамамен 1 грамм гашиш болып шықты.
Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүргізілуде.
Өз кезегінде полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі