Сайрамда қылмыс деңгейі азайған

«Сайрам аудандық полиция басқармасында 2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел-қызметтік жұмыстардың нәтижесіне арналған есеп беру жиыны өтті» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Жиында қылмыспен күресті күшейту, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Нәтижесінде аудан аумағында тіркелген қылмыстар саны 10,8 пайызға азайғаны айтылған.

«Сондай-ақ профилактикалық шаралардың тиімділігі қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың төмендеуіне оң ықпал етті» дейді баспассөз хабарламасында.

Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев, аудандық полиция басқармасының бастығы Еркеғали Мейрбеков және жеке құрам қатысқан.

П. Асан.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Адасқанның айыбы жоқ…

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты кез келген адамның заңға бағынуын және сол арқылы заң талаптарын қатаң…

Открыт кабинет имени Димаша Кудайбергена

Сегодня Туркестан как областной центр стремительно развивается: возводятся новые микрорайоны, увеличивается количество многоэтажных жилых домов. Соответственно, многократно растёт…