Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру шарасы өтті

«Полицейлер автобекет аумағында интернет алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Мырзакент кентіндегі автобекет аумағында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, соның ішінде жалған қоңыраулар, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру, күмәнді сілтемелер мен онлайн саудадағы алдау әрекеттері жөнінде ақпарат берілді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ жеке деректер мен банк картасы мәліметтерін бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі ескертілген. Жолаушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілген.

«Аталған профилактикалық шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған» дейді баспасөз қызметі.

Т.Пайыз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының делегациясы қытай еліне жұмыс сапарымен барып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады

Түркістан облысына қарасты аудан және қала өкілдері шет мемлекеттерге іссапарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде. Ордабасы ауданының әкімі…