Қоғамда қатігездік емес, мейірім үстемдік құруы тиіс

Жуырда Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Аталған іс-шара жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау, суицидтің алдын алу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында тәжірибе мен тиімді тәсілдер алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Облыс прокуроры М.Тлеубердиев өз сөзінде «Балалар – қоғамның ең үлкен байлығы. Құқық қорғау органдарының мақсаты – әрбір өреннің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне кепілдік беру. Қоғамда қатігездік емес, мейірім мен өзара қолдау үстемдік құруы тиіс» екенін атап өтті.

Айта кетейік бұл форум — мектеп психологтарының кәсіби көзқарасын жаңғыртуға, олардың құқықтық сауаттылығын, қызметтік әдеп пен кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар іс-шара.

Форумға әкімдік, полиция департаменті және білім беру саласының 1000-нан астам өкілі мен мектеп психологтары қатысты. Сондай-ақ, облыс прокуроры М.Тлеубердиев, облыс әкімі Н.Көшеров, полиция департаментінің бастығы А.Заппаров, арнайы шақыртылған қонақтар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Закиева, Оқу-ағарту вице-министрі А.Ахметжанов спикерлер ретінде қатысты.

Іс-шара аясында облыстың үздік 10 мектеп психологы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…