Қолайсыз отбасыларға бақылау шаралары күшейтілуде

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында алты ауданның (Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандары) мемлекеттік және уәкілетті органдар басшыларының, сондай-ақ психологтарының қатысуымен көшпелі ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Аталған жиында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде некеге мәжбүрлеу және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытында қабылданып жатқан шаралардың аралық нәтижелері талқыланды.

Қауіп тобында тұрған адамдарға және қолайсыз отбасыларға бақылау шаралары күшейтілуде.

Некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық енгізілген сәттен бастап, ҚР ҚК-нің 125-1-бабымен облыс бойынша алты қылмыс тіркелді.

ҚР ҚК-нің 115-1-бабы (сталкинг) бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарымен халық арасында қылмыстық заңнамадағы өзгерістерге қатысты ауқымды құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы консолидирленген шешім қабылданды.

Облыс прокурорының орынбасары А.Саттар жастар арасында жасалған қылмыстарға ерекше назар аударды.

Түркістан облысының прокуратурасы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара өткізді

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасы қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері…
Толығырақ

Түркістан өңірі даму үстінде

Түркістан облысының аудан, қалаларындағы шағын өндірістік алаңдарда жаңа кәсіпорындар ашылады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.…