Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөнінде кеңінен айтылды

«Келес аудандық сотында «Заң мен тәртіп» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді» деп хабарлайды Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі. Келес аудандық  сотының төрағасы Қ.Избасаров Абай ауылында орналасқан №7 жалпы орта мектебінің оқушыларымен және колледж студенттеріне  «Заң мен тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізген.

Дөңгелек үстел барысында жастар арасында құқықтық сауаттылықты артыру, кәмелетке толмаған балалардың өз құқықтарын толықтай білуі, Заң мен тәртіптің мәні мен қоғамдағы маңызы түсіндіріліп, жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеу және жауапкершілікпен әрекет ету жөнінде кеңінен айтылған.

Дөңгелек үстелге аудан прокуроры Н.Әбдірәлі, аудан имамы Н.Момбеков қатысып баяндама жасады.

Іс шара соңында оқушылар мен студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖЕТІСТІК БАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҒАРЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің басшылығымен өткен жиында…