Жетісайда рейдтік іс-шаралар өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, газдан уланудың алдын алу мақсатында тұрғын үйлер мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында арнайы рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің және аудандық төтенше жағдай бөлімінің, «Жетісай қызмет» мекемесінің «Газ инспекциясы» бөлімі қызметкерлері тарапынан жүргізілген тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған бірқатар кәсіпкерлер мен тұрғындар анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 306-бабына сәйкес хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.

Нақтырақ айтсақ, дәмханалар мен сауда нысандарында алғашқы өрт сөндіру құралдарының жоқтығы, эвакуациялық шығу жолдарының жабық немесе талапқа сай белгіленбегені, электр желілерінің дұрыс орнатылмауы, тез дайындалатын тамақ өнімдерін пісіру барысында талапқа сай келмейтін газ баллондарын пайдалану фактілері анықталды. Сертификатталмаған, жарамдылық мерзімі өткен немесе қауіпсіздік талаптарына сай орнатылмаған газ баллондарын қолдану, газ баллондарының жылу көздеріне тым жақын орналастырылуы, ашық от маңында сақталуы немесе өз бетінше қайта толтырылуы өрт пен жарылыс қаупін едәуір арттыратыны, заң бұзушылықтарды қысқа мерзімде жою керектігі ескертілді.

Х. Ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері марапатталды

«Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға және еңбек адамын дәріптеуге бағытталған игі іс-шаралар бүгін Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының ғимаратында өз…
Толығырақ

«Тегін кітаптарға» сенбеңіз

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы…
Толығырақ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының…