Құқықтық мәдениетті қалыптастыру  жайы талқыланды

Кентауда: «Үркер» мектебі» ЖШС-де «Біртұтас қоғам: Келісім және сенім» мен «Қауіпсіз балалық шақ» жобалары аясында «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Б.Әшірбаев, Кентау қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Н.Парманов, Жүйнек ауылы М.Қазыбеков ЖББМ директоры Ж.Досанов және «Үркер» мектебінің директоры Д.Абдалиев қатысып, оқушылармен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесу барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғам алдындағы жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды. Қоғамдағы бейбітшілік пен бірліктің маңызын атап өтіп, татулықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екенін жеткізді.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан пайдалы кеңестер алды. Еркін әрі сенімді диалог форматында өткен кездесу жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға оң ықпал етті.

П.Сайын

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

140 мәселе қаралды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс нәтижелері партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен өткен жұмыс жиынында қаралды. Бұл…