Бәйдібек ауданында балық шаруашылығын дамыту және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті. Жиында Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев төрағалық етіп, балық шаруашылығын дамыту аудан экономикасының маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол тиісті сала өкілдеріне кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша нақты тапсырмалар берді.
Кәсіпкерлер тарапынан саладағы инфрақұрылым, жем-шөп базасы, су көздерін тиімді пайдалану және құжаттандыру рәсімдеріне қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Өз кезегінде сала мамандары қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы қолдау шараларын түсіндірді
Ауданға Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Расұл Самат Әбдімүтәліұлы, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Мирас Байдалы арнайы келді.
Жиынға аудан кәсіпкерлері мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Кездесу барысында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы мемлекеттік қолдау тетіктері, субсидиялау мүмкіндіктері, ветеринариялық-санитариялық талаптар, биологиялық қауіпсіздік шаралары және саладағы түйткілді мәселелер кеңінен талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша балық шаруашылығын жүйелі дамыту, өндіріс көлемін арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды.
habarlike.kz