Түркістанда ерекше мурал ашылды

Мурал қалалағы Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне кәсіпкерлердің жеке қаражатына салынған. Жаңа муралда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары бейнеленген. Заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлік қауымдастықтың белсенді атсалысуымен жүзеге асқан бұл бастама еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі.

Муралдың ашылуына орай өткен флешмобта Конституциялық реформаны қолдайтын ұрандар айтып, көк аспанға референдум тақырыбындағы әуе шарларын ұшырды. Бұл шараға көптеп қатысқан қала елдің жарқын болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершілікті, реформаның маңыздылығын, оның мемлекет дамуына ықпалын сөз етті. Сондай-ақ, Конституция — ел бірлігінің, тұрақтылық пен әділеттіліктің берік негізі екенін атап өтті.

Жаңа мурал туристік нысандарға тың серпін беріп, қаланың көркем келбетін айшықтап, жастардың фото-аймағына айналған.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts