Президент Азия чемпионатының жеңімпаз және жүлдегер балуандарын құттықтады

Гүлнұр Ғазизқызы

Президент грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Астанада өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жарқын жетістіктерімен құттықтады.

Сіздер байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтаттыңыздар. Боз кілемде жеңіске деген ерік-жігер мен шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйладыңыздар. Бұл – табандылық пен қайсарлықтың, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Сіздердің жеңістеріңіз спортты серік еткен жастарды жігерлендіріп, биік белестерге бастайтыны сөзсіз. Еліміз күрес өнерін дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Балуандарымыздың дүбірлі додаларда үздіктер қатарынан көрінуі – соның айқын дәлелі

, — деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы спортшыларымыздың алдағы уақытта да аламан сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, ел мерейін көтере беретініне сенім білдірді.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасының қорытынды нәтижесі:

Еркін күрестен:

4 алтын – Санжар Досжан (70 кг), Дархан Есенғали (74 кг), Болат Сақаев (79 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг);

2 күміс – Ризабек Айтмұқан (92 кг), Юсуп Батырмурзаев (125 кг);

1 қола – Рахат Қалжан (57 кг).

Жалпыкомандалық есепте – 1-орын.

Әйелдер күресінен:

2 алтын – Жәмилә Бақбергенова (72 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг);

3 қола – Марина Седнева (55 кг), Нилуфар Раймова (57 кг), Елена Шалыгина (68 кг).

Грек-рим күресінен:

1 алтын – Ибрагим Магомедов (72 кг);

2 күміс – Диас Қален (82 кг), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг);

5 қола – Аманғали Бекболатов (55 кг), Мұхамедәли Мамырбек (63 кг), Алмат Кебіспаев (67 кг), Олжас Сырлыбай (97 кг), Әлімхан Сыздықов (130 кг).

Еске салсақ, 9-14 сәуір аралығында Астанада Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ересектер арасында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтетіні хабарланып, Қазақстан құрамасы анықталды.

Азия чемпионатында жеңген балуандардың жаттықтырушыларына да ақшалай сыйақы берілетіні мәлім болды.

Сондай-ақ, Азия чемпионатының жарыс кестесі жарияланды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары…
Толығырақ

Заң аясындағы кеңестер берілді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы Сарыағаш ауданында жұмысын жалғастырды. Азаматтарды жеке қабылдау кездесуі Жартытөбе…
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…