Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді.

«Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі талап оның денсаулық жағдайына қатысты. Оған қоса, жастардың мамандығы мен білімі де ескеріледі», — делінген министрліктің Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Мәселен, математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітіргенгендер әскерге радиотехника немесе зениттік-зымырандық бөлімшелерге жіберіледі.

Ал ауыл шаруашылығында механикаландыру және электр желілерін тарту факультеттерін тәмамдаған әскери міндеттілер танкі, авиация, зениттік-зымырандық бөлімшелер мен азаматтық қорғаныс әскери бөлімдеріне бағытталады.

Медициналық және фармацевтикалық факультеттерді бітірген мерзімді әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына кіші медицина қызметкерлері лауазымдарына жіберіледі.

Автор
Руслан Ғаббасов

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Инвесторлармен кездесу өтті

«Шетелдік инвесторға түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан…

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Білім беру инфрақұрылымын дамыту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасында айқын көрсетілген басым бағыттардың бірі екені белгілі. Сайлаушылармен кездесулер…
Толығырақ

Қыздарға кеңес берілді

«Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының жылдық жұмыс жоспары негізінде, Ақсукент ауылында орналасқан № 20 С. Сейфуллин атындағы…