Этномедиация және құқықтық көмек саласындағы ынтымақтастық кеңейді

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілхановтың этномедиация және халыққа құқықтық көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті өңірлік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту бағытында бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Аталған меморандумдар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен жасалды. Құжаттар этномедиация тетіктерін дамытуға, азаматтарға көрсетілетін құқықтық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.

Меморандумдар аясында тараптар:

  • құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу;
  • дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін кеңейту;
  • медиация институтын дамыту;
  • этносаралық қатынастар саласында алдын алу сипатындағы шараларды күшейту бойынша бірлескен іс-қимылды жүзеге асырады.

Әділет департаменті үшін бұл ынтымақтастық — құқықтық мәдениетті арттырудың, қоғамдық келісімді нығайтудың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты әрі тиімді құралы.

Қағаздағы келісім емес, практикадағы нәтиже маңызды. Болашақта бұл әріптестік өңірдегі әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей әсер етеді.

 Түркістан Облысының Әділет Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ «ЗАМАН МЕН МӘДЕНИЕТ ДИАЛОГЫНДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАСЫ: ГУМАНИСТІК БАҒЫТ-БАҒДАР МЕН ЗАМАНАУИ СЫН-ҚАТЕРЛЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМҒА ҚАТЫСТЫ

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер»…
Толығырақ

Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…