ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Тарихи маңызды күнге орай, Төлеби ауданының орталық Жеңіс саябағындағы Ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке еске алып, ерліктеріне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағыштады.
Тағылымы мол іс-шара аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тауып, ауған ардагерлеріне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. Аталған жиында кешегі сұрапыл соғыста отан үшін от кешіп, қаһармандық, ерліктің үлгісін көрсете білген ардагерлерді аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіп, мерекелік медаль табыс етті.
Жауынгерлерге құрмет мақсатындағы салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.
Айта кетейік, Ауған соғысына Төлеби ауданынан 113 жауынгер қатысқан. Қазіргі таңда 53 ардагер елді дамытуға үлесін қосып жүр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысында полицейлер ұрланған 500-ге жуық малды иелеріне қайтарды

Профилактика жылы аясында Түркістан облысының полицейлері қарқынды жұмыс жүргізіп, түсіндірме шараларына баса назар аударды. Полицейлердің жүргізген жедел іс-шараларының…
Толығырақ

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жиын өткізілді

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық…