Түркістан облысында шетелдіктердің жүріп-тұруы, заң талаптарын сақтауы бақылауға алынған. Жыл басынан бастап көші — қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 11362 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде елде болу тәртібін бұзған шетелдіктер (ҚР ӘҚБтК 517-бабы) – 3723. Тұрақты негізде облыс көлемінде «Мигрант», «Заңсыз келуші», «Құқық тәртібі» және өзге де жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Полиция департаментімен шетелдіктерге көмек көрсететін және заңсыз көші-қонды ұйымдастыратын делдардар бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бүұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісінде айтылды. Мәжілісте көші-қон саласындағы жұмыстардың профилактикасы туралы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Б.Айтпаев, Сарыағаш ауданының әкімі А.Абдуллаев және Ордабасы ауданының әкімі А.Оралбаев баяндама жасады.
Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын-алу мәселесі де талқыланды. Бұл бойынша жауапты департамент пен басқарма басшылары есеп берді. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының саны өскен. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдауда. Күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Олыста апат жиі кездесетін орындарға жылдың аяғына дейін қосымша 100 кешенді орнату бойынша монтаж жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ 2 жылжымалы кешен сатып алынған. Бақылау күшейтіліп қана қоймай, ақпараттық жұмыстар жүргізілген. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде 2575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылуда. 524 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мас халде көлік жүргізген 605 жүргізуші анықталып, олар сот органдарымен әкімшілік қамауға алынып, көлік жүргізу құқықтары шектелді. Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17692 шақырымды құрайды. Басқарма тарапынан облыстық маңызы бар жолдардағы жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын учаскелер тұрақты зерделеніп, қажеттілікке байланысты және тұрғындар мен көлік жүргізушілердің сұраныстарын негізге алып, тиісті орындарға бейнекамералар орнатылуда. 2025 жылы автомобиль жолдары саласында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан н/е 1 241,5 шақырым жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 233 нысан н/е 951,4 шақырым пайдалануға беріледі деп көзделуде.
– Облыс аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық автомобиль жолдарының бойындағы жол белгілері мен жарнама тақтайшаларын ретке келтіруді, жол жүру мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Жүргізушілерді оқытатын автомектептердің жұмысына талдау жасап, кемшіліктер анықталған жағдайда лицензияларынан айыру мәселесін қарастырған жөн. Республикалық автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты өлшейтін құралдар пайдалану тәжірибесін облыстық және аудандық жолдарда да енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Комиссия мәжілісінде «Пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдарды жұмыспен қамту шараларына тарту және бекітілген квотаның орындалуы туралы», «Салық саласындағы құқықбұзушылықтар мен өзекті мәселелер туралы және алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау жолдары» жөнінде жауапты басшылардың баяндамалары, ұсыныстары тыңдалды.
Жыл басынан пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында облыс көлемінде 42 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жылжымалы мансап орталықтары тарапынан шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен есепті кезеңде 522 адам жұмысқа орналасу үшін аудандық, қалалық мансап орталықтарына жүгінді. Жұмыспен қамту шараларымен 457 азамат қамтылса, оның 249-ы тұрақты жұмыспен қамтылып, 86 азамат қоғамдық жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 3 адам «Жастар практикасы» арқылы жұмысқа жолданған.
Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 17 квота орындары бекітілді. Есепті кезеңге мансап орталықтарына 29 азамат жұмыс мәселесімен келген.
Хабар-like ақпарат.