«ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» 

Жастардың құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары азамат болып қалыптасуы – елдің тұрақты дамуы мен болашағының басты кепілі. Сондықтан жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту, рухани құндылықтарды дәріптеу, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылау және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру бүгінгі күнде өте маңызды.
Осы орайда Түркістан қаласындағы Конгресс холл кешенінде «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті. Іс-шараның ашылуында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы сөз сөйлеп, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
 Шараға қалалық прокуратура, полиция басқармасы, құқық қорғау органдарының өкілдері, қала басшылығы мен жергілікті жастар қатысты. Кездесу барысында сала мамандары жастармен еркін форматта пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті. ҚМДБ-ң өкілі Нұрлан Асанов жастарға рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды сақтаудың мәнін түсіндірсе, психолог Салтанат Сайлауқызы тұлғалық даму мен өзін-өзі тану, сондай-ақ құқықтық мәдениеттің адам мінез-құлқындағы рөлі жөнінде ой қозғады. Ал IT маман Ғасыр Қаралбайұлы ақпараттық қауіпсіздік пен кибермәдениет тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, заманауи технологияларды қауіпсіз пайдалану бойынша кеңес берді.
Форум қорытындысында жастарға құқықтық және рухани мәдениетті дамыту, ақпараттық сауаттылықты арттыру және жеке қауіпсіздікті сақтау бағытында нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен жауапкершілікті күшейтудің өзектілігі жан-жақты талқыланды.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қариялардың да құқығы ұмытылмайды

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде…
Толығырақ

Ақиқат үшін адал құшқан

1991 жылдың 3 мамырында Намибияның астанасы Виндхукта Африка елдерінің тәуелсіз журналистері «Виндхук декларациясын» қабылдады. Декларацияда баспасөз бостандығы мен…