Заңсыз миссионер деген кім?

«Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау – кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, діни қатынастарға қатысты мәселелерде заңдылықты сақтау өте маңызды» дейді Түркістан облысы Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Асхат Дүйсен.

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде әрбір азаматқа ар-ождан және діни сенім бостандығына кепілдік береді. Бұл құқық Конституцияда бекітілген. Дегенмен, діни қызметпен айналысуда белгілі бір құқықтық нормалар бар. Оларды бұзу – қоғамдағы тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасында «заңсыз миссионерлік қызмет» ұғымы бар.

Миссионер кім?

Миссионерлік латын тілінде «missio» сөзі – тапсыру, аманат ету деген мағынаны береді екен. Демек белгілі бір діннің аманатын арқалай отырып, сол дінді немесе діни ілімді насихаттаушы. Миссионер – белгілі бір діни ағымның немесе конфессияның көзқарастарын таратып, адамдарды сол дінге шақырушы тұлға. Ол діни уағыз айтуы мүмкін, әдебиеттер таратады немесе діни жиналыстар ұйымдастырады. Қазақстан заңына сәйкес миссионерлік қызметпен айналысқысы келетін кез келген азамат (жергілікті немесе шетелдік) Қазақстанда миссионерлік қызметті реттейтін басты құқықтық акт – «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңда белгіленген ережені орындау міндет (2011 жыл қабылданған). Аталған заңда:

— Миссионерлік қызметпен айналысатын әрбір тұлға уәкілетті органда тіркелуі тиіс;

— Қызметін тек тіркеуде көрсетілген аймақ пен бағытта ғана жүргізе алады;

— Рұқсат етілген діни әдебиеттерді ғана пайдаланады.

Ресми тіркеу куәлігін алғаннан кейін барып, миссионерлік қызметін тек өзінің тіркелген аймағында ғана жүргізіп, заңға сәйкес миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.

Заңсыз миссионер кім?

«Заңсыз миссионер» – діни қызметпен мемлекеттік тіркеусіз немесе заңда көрсетілген тәртіпті бұза отырып айналысатын тұлға. Оның әрекеттері келесі белгілермен сипатталады:

— Ресми тіркеуден өтпей халыққа діни үгіт-насихат жасау;

— Рұқсат етілмеген діни материалдар тарату;

— Діни жиналыстарды заңсыз ұйымдастыру;

— Заңда белгіленген тәртіптерді бұзу.

Құқықтық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының заңнамасында заңсыз миссионерлікке нақты жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы діни қызметке қатысты және қылмыстық жауапкершілікті белгілейді. Шетелдік азаматтар болса, елден шығарылуы мүмкін. Кей жағдайларда тәркілеу немесе қызметін тоқтату шаралары қолданылады.

Қорытындылай айтқанда, заңсыз миссионер – мемлекеттік тіркеуден өтпей немесе заңға қайшы түрде діни насихат жүргізетін адам. Оған қарсы шара қолдану – қоғам тыныштығын сақтаудың кепілі.

Заңсыз миссионерлік қызмет қоғамда діни алауыздыққа, түсінбеушілікке әкелуі ықтимал. Сондықтан мемлекет миссионерлік қызметті заң аясында қатаң қадағалайды. Бұл – діни сенім бостандығын шектеу емес, керісінше, қоғамдық келісім мен ұлттық қауіпсіздікті қорғау шарасы.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Саятшылар сағынады сонарын…

Пернебай САПАР. Саятшылық өнері қазақ даласында бағзы кезеңдерден қалыптасқаны белгілі. Бүгінде осынау ұлттық саятшылық дәстүрімізді дәріптеп жүрген құсбегілеріміздің…

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…