Ұлттық құндылықтардың негізі

Қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы мен рухани болмысы ғасырлар бойы қалыптасқан дін мен дәстүрдің үйлесімді үндестігімен ерекшеленеді. Бұл қос тірек – ұлттың рухани негізі, толеранттылығы мен, этностық қарым-қатынасының, мәдениеті мен құндылықтарының өзегі. «Дін – тәрбие, дәстүр – тәртіп» дегендей, дін мен дәстүр халықтың өмір сүру ережелерін, моральдық – этикалық нормаларын айқындап, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмір мектебіне айналды.

Дін – рухани тірек

Ислам діні – қазақ халқының сан ғасырлық рухани дамуына ерекше ықпал еткен дін. Ол тек құлшылық пен рәсімдермен шектелмейді, адамның ішкі жан дүниесін тәрбиелейді, шынайылыққа, адалдыққа, кешірімділікке, еңбекқорлық пен әділеттілікке үйретеді. Ислам дінінің негізгі қағидалары адамгершілік пен ізгілікке негізделген.

Қазақ қоғамында ислам діні ұлттың болмысымен үйлесіп, дәстүрмен кірігіп кеткен. Мысалы, «Бисмилла» айтып ас ішу, «Алла қаласа» деп сөз бастау, «Құдайы тамақ» беру, «Құран оқыту» секілді діни амалдар ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған. Бұл – дін мен дәстүрдің үйлесімдігінің көрінісі.

Дәстүр – ұлттық болмыстың айнасы

Дәстүр – халықтың тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру салты мен тарихи тәжірибесінің көрінісі. Қазақтың салт-дәстүрі – ұлттық ерекшелігін, дүниетанымын айқындайтын асыл мұра. Дәстүр арқылы ұлттың тілі, өнері, әдет-ғұрпы, тәрбиесі ұрпаққа беріледі. Дәстүрлі ортада өскен бала үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға, ар-ұятты сақтауға үйренеді.

Бүгінгі заманда да қазақ халқының ұлттық болмысын сақтау үшін салт-дәстүрдің мәнін жоғалтпау аса маңызды. Балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той, келін түсіру, беташар, құда түсу сияқты дәстүрлер ұлттың өмірлік ритуалдарына айналған. Олар ұрпақтың тәрбиесіне, қоғамның бірлігіне қызмет етеді.

Дін мен дәстүр – жас ұрпақты рухани кемелдікке, ұлттық сана-сезімге тәрбиелеудің ең тиімді жолы. Ата-бабаларымыз ұрпағына тек білім мен байлық қана емес, рухани тәрбие беруді де мұрат еткен. Баланы жастайынан имандылыққа баулу, үлкенді сыйлау, ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы қазақтың ұрпағы елін, жерін сүйетін, намысты, тәрбиелі азамат болып қалыптасқан.

Бүгінгі жастар жаһандану заманында түрлі мәдениеттер мен көзқарастардың ықпалында өмір сүруде. Сол себепті олардың бойына ұлттық рухты, дін мен дәстүрге деген құрметті сіңіру – ата-ана мен қоғамның, білім мен тәрбие жүйесінің басты міндеті.

Сөзімізді қорытындылай келе, мұндай баға жетпес байлықты ешқандай күшпен, үгіт-насихатпен немесе тыйым салумен өзгерту мүмкін емес. Өйткені, олар ұлтымыздың ажырамас бір бөлігіне айналды. Дін мен дәстүр – қазақ халқының болмысын қалыптастырған қос тірек. Олар бірін-бірі толықтырып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани мұраға айналған. Бұл құндылықтарымызды сақтау – елдің болашағы үшін аса маңызды. Дін мен дәстүр үндескен қоғамда тәртіп бар, рух бар, бірлік бар. Осы асыл мұраларымызды жаңғырту арқылы біз ұлттық бірегейлігімізді сақтап, рухани жаңғырудың жолына түсеміз.

Әбділкәрім Болат.

Теолог-маман.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым алдын алу» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді. Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы қатысты. Іс-шара барысында мамандар еліміздегі діни жағдай, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдар шырмауынан алшақ болу үшін сыни ойлау қабілетін дамыту және дұрыс тәрбие бере білу керектігі түсіндірілді. Кездесу соңында сұрақтар қойылып, дінтанушы мамандар тарапынан толыққанды жауап берілді.

Түркістан облысы бойынша экология департаменті қызметкерлеріне АТТ жұмыстары жүргізілді. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Деструктивті діни ағым…