Спорт басқармасында кездесу өтті

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ДДА жақтастарының алдын алу мақсатында спорт ұйымдары басшыларының қатысуымен, Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы А.Дүйсеннің қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Діни құқықтық сауаттылық» тақырыбында жалпы кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында мамандар теріс ағымға кетудің салдары, діни экстремизм мен терроризм анықтамасы, діни ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты арттыру, заң алдындағы жауапкершілік, дінге қатысты сенімді ақпараттармен танысуы, діни экстремизм мен терроризм қаупі, деструктивті діни ағымдардың қоғамға зияны, дәстүрлі исламның қазіргі кездегі пайда болып жатырған теріс діни ағымдардан айырмашылығын туралы мәлімет бере отырып, қатысушыларға өзін және жақындарын теріс діни ағымдардан сақтану үшін тұрақты иммунитет қалыптастыру жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салуға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан көкейінде туындаған сұрақтарды қойып, тұшымды жауаптар алды.

Дін Мәселелерін Зерттеу Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заңсыз миссионер деген кім?

«Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау – кез келген мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Әсіресе, діни қатынастарға қатысты мәселелерде заңдылықты…