Шымкенттен ескен «Оңтүстік лебі»

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жақында ғана шымкенттік көрерменнің көңілінен шығып, сұранысына ие болған башқұрт драматургы Айгиз Баймұхаметовтің «Тастамашы, ана!» спектаклін алматылық көрерменге ұсынды. Бұл гастрольдік сапар – «Оңтүстік лебі» деп аталды. 19, 20-мамыр күндері Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында үш сеанспен өткен спектакль екі күн қатарынан  сәтті өтіп, әртістердің еңбегі қалың көрерменнің ризашылығымен аяқталды. Жүректегі тебіреніс, сергелдең, ағыл-тегіл жылау сынды көрермен эмоциясы сөзсіз-ақ көрініп тұрды. Бастысы, ақын, жазушы Саят Қамшыгер қазақшаға аударған «Тастамашы, ана!» шығармасы жүректерге жетті.

Шымкенттен Алматыға арнайы барған Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының директоры Дархан Балажанов: «Біз «Тастамашы, ана!» спектаклін өзіміздің өңірде жақында ғана сахналаған едік. Премьера аншлагпен өтті. Репертуарымызға енгіздік. Содан бері бұл спектакль лық толы залмен өтіп келеді. Алматылық көрерменнің де көңілінен шыққан сияқты. Біздің мақсат та сол, ой салып, ата-ананың, баланың қадіріне жетуді көрсете білу еді. «Тастамашы, ана!» жас талғамайтын спектакль. Ол балаларға да, ересектерге де ой салады, жүрек тебірентеді. Алматылықтарға, ыстық ықыласпен қарсы алған Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ұжымына, іс-сапарға баруға қолдау білдірген Шымкент қалалық әкімдігіне, Мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да көрерменнің көңілінен шығуға күш жұмсаймыз» деді.

Жаңа форматқа бетбұрыс жасап жатқан театрдың алдағы жоба-жоспары да аз емес. «Тек спектакль қойып, репертуарды жаңартумен ғана айналысып қоймай оңтүстіктен шыққан талантты тұлғалардың өнегелі өмірін өскелең ұрпаққа насихаттаймыз» деп отыр. Алматыға Оңтүстіктің лебімен барған сапар – алғашқы маңызды жұмыстардың бастамасы болған іспетті. Мәдениеттің мәйегі театр. Сондықтан, қазақы қаймағы бұзылмаған қарашаңырақ театрдың әр жұмысы табысты, жемісті һәм жеңісті болсын!

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сирек талант иесі Серік еді

Пернебай САПАР, «Оңтүстік Қазақстан». Серік Елеусізовті кейінгі жастардың бірі біліп, бірі білмес, бірақ аға буын түгел таниды десек…
Толығырақ

Амановтың айтылмаған әні бар

Пернебай САПАР. Шардаралық ақын Ұзақ Мамыттың «Сезімнің сергелдеңі..!» деп аталатын өлеңі бар. «Ақ ұлпа қарсың, аспаннан түскен, ұстауға…