Әділет департаментінің қатысуымен семинар өтті

Түркістан облыстық сотында Түркістан облысы Әділет департаментінің қатысуымен азаматтық істер бойынша талап қоюлар (арыздар) жолдау кезінде жиі жіберілетін жүйелі қателіктер, нотариаттық іс-әрекеттерге қатысты даулар, сондай-ақ медиация тәртібімен дауларды реттеудің өзекті мәселелері бойынша аймақтық семинар өтті.

Семинар гибридті форматта ұйымдастырылып, Түркістан облысына қарасты 16 (он алты) аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар мен медиаторлар қатысты.

Іс-шара барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес судьялар жүргізілген талдаулар негізінде баяндамалар жасап, сотқа жүгіну кезінде жиі орын алатын типтік және жүйелі кемшіліктерге назар аударды. Сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесі мен дауларды шешудің тиімді тетіктері бойынша түсіндірмелер берілді.

Семинар азаматтық-құқықтық дауларды шешу мәселелері бойынша кәсіби диалог алаңы ретінде жергілікті заң қоғамдастығы өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға «Дау мұраты – біту» қағидатын ұстанудың уақыт пен ресурстарды үнемдеудегі тиімділігі, сондай-ақ даулардың алдын алу бағытындағы шараларды күшейтудің маңыздылығы жеткізілді.

 Түркістан Облысының Әділет Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жаңа буын әкімдер – жаңа серпін әкеледі

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Жиынның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.…
Толығырақ

Созақта меморандумға қол қойылды

Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімдігі және аудандық прокуратураның бастамасымен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған…