Әділет департаментінің қатысуымен семинар өтті

Түркістан облыстық сотында Түркістан облысы Әділет департаментінің қатысуымен азаматтық істер бойынша талап қоюлар (арыздар) жолдау кезінде жиі жіберілетін жүйелі қателіктер, нотариаттық іс-әрекеттерге қатысты даулар, сондай-ақ медиация тәртібімен дауларды реттеудің өзекті мәселелері бойынша аймақтық семинар өтті.

Семинар гибридті форматта ұйымдастырылып, Түркістан облысына қарасты 16 (он алты) аудандық және оған теңестірілген соттардың ғимараттарынан бейнеконференцбайланыс арқылы адвокаттар, заң консультанттары, нотариустар мен медиаторлар қатысты.

Іс-шара барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес судьялар жүргізілген талдаулар негізінде баяндамалар жасап, сотқа жүгіну кезінде жиі орын алатын типтік және жүйелі кемшіліктерге назар аударды. Сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесі мен дауларды шешудің тиімді тетіктері бойынша түсіндірмелер берілді.

Семинар азаматтық-құқықтық дауларды шешу мәселелері бойынша кәсіби диалог алаңы ретінде жергілікті заң қоғамдастығы өкілдерінің пікір алмасуына мүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысында қатысушыларға «Дау мұраты – біту» қағидатын ұстанудың уақыт пен ресурстарды үнемдеудегі тиімділігі, сондай-ақ даулардың алдын алу бағытындағы шараларды күшейтудің маңыздылығы жеткізілді.

 Түркістан Облысының Әділет Департаменті

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда мақта кластері дамуда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин жұмыс сапарымен…
Толығырақ

Білікті қызмет – ортақ міндет!

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс партиялық қызметтің негізгі бағыты әрі қоғам алдындағы ауқымды жауакершілігі болып белгіленген. «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарында…
Толығырақ

Табысы артқан отбасылар көбейді

«Ауыл аманаты» жобасын Түркістан облысында іске асыруға 2023–2025 жылдары республикалық бюджеттен барлығы 30,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде:…