Келес ауданына қарасты №47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Сүндетқұл Кәусар Қалмырзақызы кішкентай кезінен бастап еңбекқор болып өсуде. Көп балалы өнерлі отбасында дүниеге келген Кәусар атасына көмектесіп домбыра, қобыз, ұлттық жәдігерлер мен қолөнер бұйымдарын жасайды.
— Менің атам жиырма жылдан бері қолөнермен айналысады. Ес білгелі атамның қасында жүріп, оның жасаған заттарына ұлттық оюды бедерлеп, кейде өзім де біртіндеп түрлі бұйымдар жасауға машықтана бастадым. Маған бұл кәсіп қатты ұнайды. Сабақтан кейін үйге қарай асығамын, бос уақытымды тиімді өткізгім келеді. Мені мектепте өтетін көркем еңбек пәні қатты қызықтырады,-дейді өнерлі оқушы.
Айта кету керек, Кәусардың әкесі шаштаразшы, ал анасы мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Атасы мен немересінің бірігіп жасаған қолөнер бұйымдары, соның ішінде домбыралары түрлі көрмелерге қойылған. Ауыл тұрғындары арасында да үлкен сұранысқа ие.
Жас шәкірт оқуда озат, түрлі деңгейдегі байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Сабағымен қатар өнерден де қол үзбей жүрген Кәусарды өз қатарластары да үлгі тұтады.
Баспасөз қызметі.
Related Posts
Он бес сөтке…
Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…
МӘМС аясында кімдер тісін тегін емдете алады?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында кімдерге тіс емдеу процедуралары тегін көрсетіледі? Бұл сұраққа Әлеуметтік медициналық…
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЛДЫҚТАРСЫЗ ӨМІР СҮРУ КҮНІ
Былтыр Түркияның ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Дүниежүзілік қалдықтарсыз күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Түркия…
«Atlas taste» түрік десерттерінің тізімін жасады
Тарихы тереңге тартқан түрік мұрасы жүздеген жылдарға созылатын дәстүрімен бірге десерттерімен де танымал. Кейбір туристер түрік десерттерін археологиялық…