«Amanat» қарнақта қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдауы Кентау қаласына қарасты Қарнақ елді мекенінде жалғасын тапты. Қоғамдық қабылдау ауылдағы «Urker» мектебінің ғимаратында өткізіліп, оған облыстық және қалалық деңгейдегі басшылар, салалық мекемелердің өкілдері кеңінен тартылды. Атап өтуіміз керек, жекеменшік білім ұясында «Қарнақ» бастауыш партия ұйымы қызмет атқарып, тұрғындар көтерген мәселелердің шешім табуына ықпал етіп отыр.

Қоғамдық қабылдау кездесуінің түпкі мәнін түсіндірген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев бұл іс-шара Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел әрі тиімді шешу мақсатында ұйымдастырылып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ кездесуге Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қабылан Елеусізов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенов, партияның Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, қалалық мәслихат депутаты, «Қарнақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Хабибов, қала әкімдігінің өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау және бақылаушы органдар, коммуналдық қызметтер, банк және өзге де ұйым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қарнақ елді мекенінде мәдениет үйінің құрылысы партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаныны айтылды. Бұл жоба ауыл тұрғындарының көптен бергі талабына айналған мәдени-әлеуметтік сұранысын орындаудың нақты мысалы болып табылады. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары партия өкілдерінің тұрақты бақылауына алынған және жобаның белгіленген мерзімде аяқталуына баса мән берілген.

Жиын барысында жауапты сала басшылары тұрғындардың сұрақтарына тікелей жауап беріп, әрбір мәселе заң аясында жан-жақты қаралды. Қабылдау кезінде азаматтар ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау, электр желілері мен трансформаторларды жаңарту мәселелерін қозғады. Ауыз су жүйелерін жөндеу, газ жүйелерін тарту, коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты талап-тілектерін айтты. Жер қатынастары саласы бойынша өтініштерін білдіріп, егін шаруашылығы мен жайылымдық жерлерге қатысты сауалдар қойды. Тұрғын үй кезегіне тұру және ипотекалық бағдарламаларға қатысу, кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, жастарды жұмыспен қамту мәселелерін жеткізді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру, Қарнақ ауылы мен Түркістан қаласының арасында қоғамдық көлік қатынасын жолға қою, экологиялық мәселелерді көтерді. Сонымен қатар ауыл маңындағы инфрақұрылымдық жобаларға, инженерлік желілерді жол салумен қатар жүргізу қажеттігіне қатысты ұсыныстар да айтылды.

Көтерілген барлық мәселелер бойынша жауапты мекемелердің өкілдері нақты түсіндірме беріп, мемлекеттік органдар қабылдаған жоспарлар мен жобалар жөнінде кең ауқымды мағлұматтар берілді. Қосымша қарауды талап ететін өтініштер тиісті органдардың бақылауына алынып, олардың орындалуы партия тарапынан қадағалауға алынды.

Тұрғындар мұндай көшпелі мобильдік қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін атап өтіп, билік өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік бергені үшін «AMANAT» партиясына ризашылықтарын білдірді. Партияның облыстық филиалы халықпен ашық форматтағы кездесулерді алдағы уақытта өңіріміздің барлық аймағында жүргізетін болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ӘКІМ КОНСУЛМЕН КЕЗДЕСТІ

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстанның АҚШ-тың Аризона штатындағы Құрметті консулы Хью Холманмен және танымал триатлон шебері, Ironman…
Толығырақ

«Гоганың» көзін жойған қазақ

Орыс империясының озбыр саясатынан қаншама асылдарымыздың тағдыры тәлкекке түсіп, итжеккенге айдалып, азап шекті десеңізші. Қара табан халықты ұршықша…