Азаматтардың өтініші жай хат емес

Президентіміз «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деген болатын. Тұжырымдама халықтың сұранысына жедел және тиімді жауап беру арқылы мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы кері байланысты қалыптастыруды көздейді. Президент тапсырмасын іске асыру үшін комитет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап «e‑Өтініш» ақпараттық жүйесін іске қосты.

Бұл жүйенің тиімділігі өтініштерді жолдау рәсімі жеңілдетілді. Бұрын азаматтар өтініш беру үшін мемлекеттік органдарға барып, оны қағаз түрінде тапсырып, оның қаралу барысын канцелярияға қоңырау шалу арқылы бақылап отыратын. Ауыл тұрғындары кей жағдайларда аудан орталығына, тіпті, қалаға немесе облыс орталығына баруға, пошта қызметтерін пайдалануға мәжбүр еді. Бұл өз кезегінде олардың уақытын және қаржысын шығындайтын. Айталық, бір өтінішті жіберу үшін 2–3 күн күтіп, оған кемінде 600–700 теңге жұмсайтын. Қазір кез келген азамат ғаламтор арқылы өтінішті ешқайда шықпай-ақ аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік органдарға жолдай алады. Есесіне, бұрынғыға қарағанда уақыты да үнемделді.

Екіншіден, өтініштерді қарау процесі толық автоматтандырылды. 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодексі мемлекеттік органдарға өтініштердің талаптарға сәйкестігін тексеру, мүдделер қақтығысы мен өкілдік мәселелері бойынша шешім қабылдау, тыңдау ұйымдастыру, әкімшілік актілер қабылдау, шешімдер мен әрекеттерге шағымдану және тағы басқа да жағдайларды жедел шешуді міндеттеп отыр.

Аталмыш ақпараттық жүйе өтініштерді қарау процесін автоматтандырылған режимде жүргізуге бейімделген. Кодекс талаптарына сәйкес әкімшілік актіге қатысты сотқа шағым түсірілген жағдайда өтініштердің қаралу барысы мен нәтижелері туралы материалдар қамтылған әкімшілік істі қалыптастыру қажет. Ақпараттық жүйе әкімшілік істі сот дерекқорына автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді, бұл өтініш берушілерді шағымды сотта қарастыру үшін материалдар жинау міндетінен босатады.

Үшіншіден, өтініштерді қарау мерзімдерін бақылау күшейтілді. Ақпараттық жүйе барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай платформа болғандықтан, өтініштерді қарау мерзімдерін бақылауға арналған тиімді механизм құру мүмкіндігі пайда болды. Бұрын бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде деректер бір жерге шоғырланбағандықтан, мемлекеттік органдар өз ведомстволарының жұмысын дер кезінде бақылай алмады. Қазіргі таңда ақпараттық жүйедегі бақылау функционалы орталықтан бастап ауылдық деңгейге дейін өтініштердің қаралу мерзімдерін үздіксіз қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, өтініштердің қаралу барысы туралы ақпараттың жеделдігі артып, жауап сапасына берілетін бағалау қызметі енгізілді. Бұрын өтініш берушілер өз өтініштерінің қаралу барысын мемлекеттік органдардың канцеляриясы мен Call‑орталықтарына телефон шалу арқылы бақылай алатын. Қазіргі таңда ақпараттық жүйе немесе мобильді қосымша арқылы жолданған өтініштердің мәртебесі туралы ақпарат пайдаланушының жеке кабинетіне, ал, пошта арқылы жолданған өтініштерге SMS‑хабарламалар арқылы келеді.

Сонымен қатар өтініш берушілерге мемлекеттік органның жауабын бағалау мүмкіндігі берілді. Жүйе іске қосылғаннан бері 71 318 өтініштің жауабы бағаланып, олардың 53,4 пайызы мемлекеттік органдардың жұмысына оң баға берген.

Бесіншіден, аналитикалық зерттеулер жүргізуге жол ашылды. Мәселен, өтініш берушілердің жас ерекшелігі, ұлты, аймақтық бөлінісі бойынша талдаулар жасалынады. Сонымен қатар өтініштердің сипатына қарай, яғни азаматтардың ел аумағында, жекелеген өңірлерде, соның ішінде ауыл тұрғындарын не мазалайтынын анықтауға болады. Азаматтардың қандай қызмет салаларына жиі жүгінетінін анықтауға, олардың ведомстволық бағыныстылығын бақылауға, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігіне қатысты рейтингін қалыптастыруға мүмкіндік туды. Мұндай деректерді талдау арқылы уәкілетті мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылуын алдын алу бойынша превентивті шаралар қабылдап, өз қызметіне қатысты тәсілдері мен тәжірибесін жетілдіре алады.

– Азаматтардың өтініштерін Құқықтық статистика комитеті уәкілетті орган ретінде өтініштерді есепке алу, олардың қаралу тәртібінің сақталуын бақылап отырады. Сонымен қатар ҚР Президентінің 2003 жылдың 28 наурыздағы №1050 Жарлығымен бекітілген өкілеттіктері аясында Құқықтық статистика комитеті мемлекеттік органдарда өтініштерді тіркеу мен қарау кезеңдерінде азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Асқар Сапарғалиевтің  OKG.KZ-ге берген сұхбатына сүйенсек жыл басынан бері 5 мыңнан астам бақылау-қадағалау іс-шаралары жүргізіліп, 750-ге жуық түрлі заңбұзушылықтар анықталған. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті ықпал ету шаралары қабылданып, нәтижесінде 600-ге жуық лауазымды тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

ҚР Конституциясына сәйкес еліміздің әрбір азаматы мемлекеттің қызметіне араласуға құқығы бар. Яғни оған «е-Өтініш» платформасы арқылы да жүгінуге болады. Оы орайда көпшілік өз пікірін ашық білдіріп, «е-Өтініш» арқылы елмен, мемлекетпен тығыз байланыс орнатуы керек. Бүгінде әр азаматтың қолында өз үнін билікке жеткізетін нақты құралы бар. Азаматтардың өтініші жай хат емес, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.

 Хабар-like

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жасанды интеллект әліппесі

Қазақстанда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет…