Төлебиде медициналық нысан ашылды

Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа медициналық пункттің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті уақытылы әрі сапалы көрсету. ФАП тәулігіне 12 адамды қабылдайды. Сонымен қатар нысанның іске қосылуы нәтижесінде 3 жаңа жұмыс орны құрылды. Ғимарат заман талабына сай салынып, барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Жобаның жалпы құны – 62 миллион теңге. Құрылыс жұмыстарын «Нефтестроймонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

«Ашылу салтанатына аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтады.

Іс-шара барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының халыққа қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті жақындату бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті» дейді баспасөз хабарламасында.

Ауыл тұрғындары медициналық нысанның салынуына қолдау көрсетіп, елді мекенде алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуына жағдай жасағаны үшін аудан әкімдігіне алғыстарын білдірді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер дәрігерлерге түсіндірді

Түркістан облысында құқық қорғау органдары азаматтарды алаяқтықтан қорғауға ерекше назар аударуда. Осы орайда полицейлер медицина қызметкерлерімен интернет-алаяқтыққа қарсы…
Толығырақ

Түркістанда еңбек қатынастарының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы: еңбек қатынастарындағы…