Бәйдібекте «АЛТЫН КҮЗ – 2025» мерекесінде техникалар табысталды

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Алтын күз – береке мен ырыстың бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Дәстүрлі мереке ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсету және күзгі науқанның қорытындысын атап өту мақсатында ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев көпшілікті мерекемен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына алғыс білдірді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан еңбек озаттарына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.

«Алтын күз – 2025» мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы саласын қолдау және елді мекендердің техникалық әлеуетін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне 11 трактор тіркемесі, 3 жүк тиегіш (погрузчик) және аудандық мәдениет үйіне 1 автокөлік (газель) табысталды. Бұл қадам – ауыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасын нығайтып, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

28 мектеп пайдалануға берілді

Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды тапсырды. Облыста…
Толығырақ

Білікті қызмет – ортақ міндет!

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс партиялық қызметтің негізгі бағыты әрі қоғам алдындағы ауқымды жауакершілігі болып белгіленген. «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарында…
Толығырақ

195 тонна қоқыс шығарылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу тұрақты бақылауда. Өткен аптаның өзінде елді мекендерде 202 тазалық шарасы өтті. Нәтижесінде,…