Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі

Жуырда Шардара ауданында «Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында тағылымды форум өтті. Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу, сондай-ақ қоғам мен жауапты органдардың бірлескен іс-қимылын күшейту болды.
«Форум барысында Шардара ауданының прокуроры Алмас Әлі баяндама жасап, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, ол қоғам мен ата-аналардың ортақ жауапкершілігі ерекше маңызды екенін атап өтті» деп хабарлады Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Іс-шара аясында аудан прокуратурасы, полиция бөлімі, білім саласының мамандары мен психологтар өз салалары бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Сонымен қатар, Абай мәдениет үйінің актерлері қазіргі өмір талабына сай, жасөспірімдерге терең ой саларлық қойылым ұсынып, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Қойылым арқылы дұрыс таңдау, адамгершілік пен жауапкершілік құндылықтары көркем түрде жеткізілді.
Форум аясында әлем чемпионы Нұрдәулет Мырзаханұлы Айдархан жастарға салауатты өмір салтын ұстану мен өмірде дұрыс жол таңдаудың маңыздылығын түсіндірді.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында бірлесе еңбек ету қажеттігі айтылды.
Болашақ – бүгінгі дұрыс таңдаудан басталады!
habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Нуждающаяся семья получила жилье

В Шардаринском районе продолжается системная работа по улучшению социального благополучия населения, начатая акимом района Арманом Карсыбаевым. Очередная нуждающаяся…
Толығырақ

Менің анам

Әлемде қанша керемет болса, біріншісі және бірегейі әркімнің өз Анасы дер едім. Ең қасиетті Жан, жаныңа жақыны, жүрегіңе…
Толығырақ

Түркістанға ауғандық министр келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизимен кездесті. Кездесудің мақсаты –…