«Дұрыс таңдау-жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында форум өтті

Жуырда «Абай» мәдениет үйінде Шардара аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен жастардың қатысуымен «ДҰРЫС ТАҢДАУ-ЖАРҚЫН болашақтың кепілі» тақырыбында, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, суицидтік себеп-салдарын талқылау және жауапты органдар мен қоғамның бірлескен іс-қимылын күшейту жолдарын қарастыру мақсатында өтті.

Форум барысында Шардара ауданы прокуратурасының аға прокуроры Санжар Ильясұлы Дарибаев, Полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Өмешұлы Сатыбалдиев, білім бөлімінің психолог- әдіскері Динара Зейнабдинқызы Мамедова, қол күрестен 8дүркін Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спортшы Нұрдәулет Мырзаханұлы Айдархан, ауданымыздың Құрметті азаматы Тансықбай Өтегенұлы Сахов және орталық мешіттің бас имамы Қажымұқан Тынышбекұлы Қазыбаев сөз сөйледі.

Әр тақырыпты өте әсерлі дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Форум барысында тәрбиелік мәні зор қойылым қойған колледж студенттері Бақтыбай Жанболат пен Ділдәбек Асылбекті, аудан прокуроры Әлі Ермекұлы Алғыс хатпен марапаттады .

Форум соңында аудан прокуроры Алмас Әлі Ермекұлы жиынды қорытындылап, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыстау Інайұлы Форумның өте жоғары деңгейде өткенін айта келіп. жастарға бата берді.

Ұлдықыз Жәлелқызы,

ҚХА жанындағы Түркістан облысы, Шардара ауданы Аналар кеңесі төрайымы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұртта жәрмеңке өтті

Қазығұрт ауданының орталық алаңында 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Republic Day» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі…
Толығырақ

Қазығұртта жаңа балабақша ашылды

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекенінде 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында жаңа «Бал-Сафия»…
Толығырақ

Қыз алып қашу – қылмыс!

Қыз алып қашу дегеніміз не? Қызды немесе әйелді өз еркінен тыс, зорлықпен алып кету, яғни неке қиюға мәжбүрлеу…