Қазығұртта жаңа балабақша ашылды

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Қызылсеңгір елді мекенінде 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында жаңа «Бал-Сафия» бөбекжай балабақшасы салтанатты түрде ашылды.

Аталған игі шараға аудан әкімінің орынбасары Мұхамедғали Әшірбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Айта кетейік, жаңа балабақшаның бой көтеруі – ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш әрі маңызды әлеуметтік оқиға. Бұл нысан жеке кәсіпкер Айгүл Құрбанованың өз қаражаты есебінен салынған. Жаңа бөбекжай заманауи талаптарға сай жабдықталып, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуы мен сапалы тәрбие алуына қажетті барлық жағдай жасалған.

Жиын соңында ауыл ақсақалдары мен ата-аналар аудан басшылығына және нысан құрылысын жүзеге асырған кәсіпкерге алғыстарын білдіріп, балабақша ұжымына сәттілік тіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…
Толығырақ

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға салалық…