Кәсіподақ ауқымды жұмыстар атқаруда

Елімізде кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік әріптестікті дамытуда, өндірістік тұрақтылықты сақтауда, еңбек қатынастарын әділ реттеуде және еңбеккерлердің лайықты жағдайын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Биыл Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысына 120 жыл, ал Кәсіподақтар федерациясының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай Түркістан қаласында «Кәсіподақ күші – бірлікте» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
–   Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы өзінің 35 жылдық тарихында жүйелі де нәтижелі жұмыстар жүргізіп, еңбек саласындағы басты қоғамдық институттардың біріне айналды. «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі де өңірімізде кәсіподақ қозғалысының дамуына үлкен үлес қосып келеді, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Бірлестік төрағасы Бердіғали Өмірәлі мырзаның басшылығымен кәсіподақ ұйымдары еңбек ұжымдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік орнату, ұжымдық шарттар жасасу, жастар мен әйелдер арасындағы белсенділікті арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқаруда. Кәсіподақ ұйымдарының қатысуымен облыста көптеген әлеуметтік мәселелер оң шешімін тауып, еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында өзара түсіністік пен келісімге негізделген тұрақты байланыс қалыптасқан.
Салтанатты шарада кәсіподақ саласының дамуына белсенді үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медальдары, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.
П. Көркем.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жизнь – дорогой подарок

По инициативе КГУ «Молодёжный ресурсный центр» управления общественного развития Туркестанской области в школе-лицее имени Абая, подведомственной отделу образования…
Толығырақ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданы білім бөлімінің №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте еңбек адамдарын ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі…
Толығырақ

«Вандализмге жол жоқ!»

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы шеңберідегі «Чемпиодық рух» таңғы жаттығуы Түркістан облысының Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы балалар саябағында…