Халықтың ойы мен ұсынысын тікелей тыңдауға жол ашты

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы аясында Ордабасы ауданы, Төрткүл елді мекенінде қоғамдық қабылдау өтті. Азаматтардың сұраныстары мен өтініштерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков тыңдады» деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Қабылдауға келген азаматтар Түркістан облыстық құрылыс, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім, ветеринария, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармалары мен жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдеріне өздерін толғандырған мәселелер бойынша жүгінді.

Еліміздің бес өңірін қамтитын «Таза Қазақстан» эстафетасы аясында өтіп жатқан қабылдаудың маңызын түсіндірген облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, бұл бастама әр азаматтың тұрмыс сапасын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық әділдікті нығайтуға бағытталғанын айтты.

«- «AMANAT» партиясы бастамашыл болған «Taza Qazaqstan» эстафетасы тек тазалықпен шектелмейді, ол азаматтар мен билік арасында ашық диалогтың орнығуын көздейді, ортақ жауапкершілікті белгілеуді мақсат тұтады. Партияның ұйытқы болуымен жастарымыз Алматыдан бастап Қызылордаға дейінгі 1200 шақырым жол жүріп, қоғамды ізгі істерді бірге жасауға шақырып отыр. Эстафета жүріп өтетін жол бойында қоғамдық қабылдау өткізу – халықтың ойы мен ұсынысын тікелей тыңдауға жол ашты. Бұл қабылдауларда әрбір тұрғын өз мәселесін жеткізіп қана қоймай, елді жақсартуға үлес қосатын бастамасын ұсына алады. Осылайша біз ел ішінде әділдік пен сенімді нығайтып, жастарға да жаңа мүмкіндіктер ашамыз», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Қабылдау барысында тұрғындар Ақсары, Нұра елді мекендеріне газ тарту, Төрткүл, Көкарал, Еңбекші елді мекендерінде ауыз су жүйелерін жаңарту, ауыл көшелеріне асфальт төсеу, ішкі каналдарды жөндеуден өткізу, тік дренажды қондырғыларды орнату мәселелерін қозғады. Сондай-ақ қабылдау барысында жаңа мектеп салу, қолданыстағы мектептерді жөндеуден өткізу, Бөген су қоймасын тазалау, Құртай каналын бетондау мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды. Азаматтар көтерген барлық сұраныстар бойынша аудан әкімдігінің және салалық басқармалардың жұмыс жоспарлары таныстырылып, бірінші кезекте инфрақұрылымдық мәселелерді шешу басымдыққа ие екені айтылды. Ағын су ахуалы бойынша ылғал үнемдеу технологияларына көшу бойынша кешенді жоспар қабылданып, аграрлық құрылымдардардың бәрі кезең-кезеңімен су үнемдеу тәсіліне өтетіні жария етілді. Бұл мәселе экологиялық күн тәртібімен үйлесіп отырғаны түсіндіріліп, партияның және мемлекеттік органдардың бақылауында болады.

Жүргізілген қабылдаудың қорытындысын айтқан Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Ордабасы ауданында көптеген мәселелер шешімін тапқанын айтты.

«- «Таза Қазақстан» эстафетасы аясында бүгін қабылдау жүргіздім. Бұл кездесу Парламент депутаты ретінде Төрткүл ауылы тұрғындарымен өткізген төртінші қабылдауым екен. Халықпен бірінші мәрте кездесу өткізгенімізде көп жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған 2 мектептің мәселесі бар еді. Олардың құрылысын аяқтауға қаржы бөлініп, қазір халық игілігіне қызмет етуде. Сондай-ақ тұрғындар газ мәселесін көтерді, азаматтардың бұл сұранысы да шешімін тауып, ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде. Бүгінгі қабылдауда негізінен тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру, электр қуатының сапасын көтеру, каналдарды бетондау мәселелері айтылды. Жоспар бар, бәрі ретімен шешіледі. Жалпы, шаруаларға тамшылатып суғаруға көшу бойынша көмек көрсету мәселесін облыс басшылығымен шешетін боламыз. Жолданған депутаттық сауал бойынша Бәйдібек ауданындағы су қоймасының құрылысына қаржы бөлінді. Түркістан облысындағы ағын су тапшылығын шешуде 4 су қоймасын салу бойынша депутаттық сауал жолданды. Келешекте осы жобаларға қаржы бөлінсе, Түркістан облысында су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі», — деді Қайрат Рахымұлы.

Қасен Әділбек қабылдауға келген ауыл тұрғындарының бірі. Ол Төрткүл елді мекеніндегі ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселесін айтып келген. Азаматтың сұранысын аудан әкімі тыңдап, осы елді мекендегі ішкі көшелерді жөндеуге жоба-сметалық құжаттама толық әзірленгенін айтты. Бұл жұмыстар биыл аяқталатанын хабарлады.

«Taza Qazaqstan» road-эстафетасының қатысушылары бүгін еліміздің рухани орталығы – Түркістан қаласына жетіп, Сауран ауданына шығатын жол бойын тазалауға жұмылды. Республикалық «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері атқарған іске «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының және қалалық мәслихаттың төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған партияластарымыз көмекке келді. Жастар депуттар корпусымен бірлесе барша ұлтымыз қастер тұтатын қаланың келбетін жақсартуға күш салды.

Бүгін кешке эстафета қатысушылары Сауран ауданының орталығы – Шорнақ ауылына келіп, ауыл жастарымен бірлесе Eco activity кездесуін өткізді. Жастар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыруға арналған кешке «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева қатысып, жастар тарапынан жасалып жатқан ізгі іс-шара болашақ ұрпаққа қалдыратын таза мұра, жарқын аманат екенін білдірді.

Қызықты өткен кеште эстафета қатысушылары экологиялық мәдениетке тәрбиелейтін креативті ойындар ұйымдастырып, тазалық жөнінде викториналық жарыстар өткізді

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде…
Толығырақ

Азаматтардың өтініші жай хат емес

Президентіміз «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…
Толығырақ

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен…