Кентауда қылмыс төмендеген

Кентауда қылмыстың ашылу деңгейі жоғарылады. Кентау қалалық полиция бөлімі алдағы уақытта да қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалымжан Қуашбаевтың төрағалығымен Кентау қалалық полиция бөлімінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиында айтылды. Жиында қала аумағындағы жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

«Жыл қорытындысымен қала аумағында қылмыстың ашылу деңгейі 90,4 пайызды құрады, ал ұрлық қылмыстары 33,2 пайызға төмендеді. Ауыр және аса ауыр қылмыстар санының азаюы тіркеліп, олардың ашылу көрсеткіші жоғары деңгейде сақталды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Кеңес барысында жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Е. Сәденовтің және Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы А. Заппаровтың нұсқаулары мен талаптары жеткізілді. Сонымен қатар қызмет барысында «Заң мен тәртіп» қағидатын қатаң ұстану, сондай-ақ «Адал полиция» жобасының негізгі қағидаттарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық ұстаздар көшбасында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі…
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…