Арыста электропойыздарға қызмет көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Арыс қаласында француздық Alstom компаниясымен бірлесіп электровоздарға қызмет көрсету орталығының құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Аталған жобаны іске асыру өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен танысты, мемлекет тарапынан жобаға қажетті қолдаулар толық көрсетілетінін айтып, жауапты мамандарға мәселелерді уақтылы шешуді міндеттеді. Бүгінде нысанның инженерлік жүйелерін тарту бойынша тиісті техникалық шарттар алынып, сәулет-жоспарлау тапсырмаларын рәсімдеу толық аяқталған.

Жобаның жалпы құны 3,5 миллиард теңгені құрайды. Мұнда 100-ден астам тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда. 2,9 гектар аумақта орналасқан депоның электровоздарға қызмет көрсету бойынша жылдық өндірістік қуаты – 2 200 секция. Теміржол техникасына техникалық қызмет көрсету бағыты да дамытылады.

Айта кетейік, франциялық Alstom компаниясы теміржол саласына арналған локомотивтер, жоғары жылдамдықты пойыздар мен трамвайлар шығару бойынша әлемдік көшбасшылар қатарында

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді

Түркістан облысында инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды…
Толығырақ

Түркістан облысы әкімдігі мен «Бәйтерек» басқарушы холдингі бірлескен жобаларды жалғастырады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшинмен кездесті. Кездесуде облыста аталған…