Мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері айтылды

 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Түлкібас ауданына жасаған жұмыс сапары аясында аудан әкімі Асқар Естібаевтың партия алаңында өткізген қоғамдық қабылдауына қатысты.
Қабылдауға келген азаматтар түрлі салалық бағыттар бойынша сұраныстарын білдірді. Әлеуметтік салаға қатысты тұрақты жұмысқа орналасу, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту, оларға бюджет есебінен санаторлық-емдеу мекемелеріне жолдама беру мәселелері айтылды. Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мәртебесін берудің тәртібі түсіндірілді. Құлан ауылындағы жалпы орта мектепке жаңа атау беру, Түлкібас кентіндегі емхана ғимаратын жөндеу, оны заманауи медициналық жабдықтармен қамту мәселесі көтерілді.

Атқарушы және өкілді биліктің партиямен бірлесе өткізген қабылдауына барлығы 20 адам жазылып, өзекті деген мәселелерін жеткізуге мүмкіндік алды. Қабылдауға келген азаматтардың көптігі – аудан жұртшылығының арасында партияға деген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Партияға үміт артқан азаматтар түйткілді мәселелер бойынша нақты шешім қабылданады деген сенімдерімен жүгінді. «AMANAT» нағыз халықтық партия ретінде, қоғам білдірген сенім үдесінен шығуда, айтылған әрбір ұсыныс пен пікірді, сұранысты жеке бақылауында ұстап, олар бойынша тиянақты шешімдер қабылдануына жұмыс жүргізеді.

Кездесу барысында Керейіт ауылындағы мәдениет үйінің ауласынан балалар ойын алаңшасын құру, Балықты елді мекеніндегі көпірді жөндеу, Түлкібас кенті, Тынышбаев көшесіне асфальт төсеу өтініштері айтылды. Жабағылы ауылындағы газбен қамту жұмыстары, коммуналдық меншіктегі тұрғын үйлерді жекешелендіру мәселелері бойынша тұрғындар өтініштері тыңдалды.

Партия үшін тұрғындардың сенімі – ең үлкен жпуакершілік. Сондықтан, бүгінгі қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығы тізімге алынып, олардың орындалуы партияның бақылауына алынды.

Азаматтар білдірген сұраныстарды Түлкібас аудандық мәслихатының төрағасы Серғали Сарсенбаев, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы Ержан Жүнісов тыңдап, қоғам тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудандық депутаттық корпустың бастамалары және партия бақылауында тұрған басымдықтар түсіндірілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша өтініштерімен келген бірқатар тұрғындар баспана алу мәселесінде көмек беруін сұраса, отбасы мүшелерінің саны артуына орай, коммуналдық меншіктегі бір бөлмелі пәтерді үш бөлмелі пәтерге ауыстыру мүмкіндігін қарастырып беру өтініші айтылды. Көпқабатты тұрғын үйлерді техникалық жөндеуден өткізу мәселесі жеткізілсе, Сарытөр ауылының тұрғыны үйіне газ жүйесін тартуға техникалық шарт алуға жәрдем көрсетілуін өтінді. Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны жеке тұрғын үйінің алдына коммерциялық нысан салуға рұқсат құжаттарын рәсімдеп беру бойынша талап-тілегін айтса, осы ауылдың тағы бір азаматына тұрғын үйге меншік құқығын алудың тәртібі түсіндірілді. Тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, жаңа трансформаторлар орнату ұсыныстары білдірілді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ПАРТИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде атап, «Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Әр балаға…
Толығырақ

140 мәселе қаралды

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс нәтижелері партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің қатысуымен өткен жұмыс жиынында қаралды. Бұл…
Толығырақ

Жүйнек ауылында халық үні естілді

Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, қордаланған мәселелерін жергілікті жерде шешуге бағытталған…
Толығырақ

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде

Түркістан облысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамның әр санатындағы топтарына жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары күшейтілген.…