Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет

2024–2026 жылдарға арналған кісі өлтіруге қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспардың 9-тармағы аясында шардара ауданында маңызды профилактикалық жиналыс өтті.

Жиын шардара аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің 189 упп жанынан құрылған қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу барысында нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету, бұрын сотталған азаматтармен, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, кәмелетке толмағандар мен мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бағытында атқарылатын нақты іс-шаралар мен бірлескен жұмыс тетіктері қарастырылды.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Шардара аудандық полиция бөлімі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысында ерекше күтімді қажет ететін тұрғындарға мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде

Түркістан облысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамның әр санатындағы топтарына жан-жақты қолдау көрсету жұмыстары күшейтілген.…
Толығырақ

Түркістанға вице-министр келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сламжанович Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Кентау қаласында болды.…
Толығырақ

Кентауда қылмыс төмендеген

Кентауда қылмыстың ашылу деңгейі жоғарылады. Кентау қалалық полиция бөлімі алдағы уақытта да қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту…