Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ міндет

2024–2026 жылдарға арналған кісі өлтіруге қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспардың 9-тармағы аясында шардара ауданында маңызды профилактикалық жиналыс өтті.

Жиын шардара аудандық қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің 189 упп жанынан құрылған қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесу барысында нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету, бұрын сотталған азаматтармен, профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы, кәмелетке толмағандар мен мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу бағытында атқарылатын нақты іс-шаралар мен бірлескен жұмыс тетіктері қарастырылды.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Шардара аудандық полиция бөлімі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық ұстаздар көшбасында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…
Толығырақ

Өргебасқа газ келді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Өргебас…