Қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мен ізгілендіру бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай қылмыстық-атқару жүйесіндегі өзекті мәселелер жөненді мәжіліс өтті. Мәжіліске облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов төрағалық етті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиын барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының бірінші орынбасары Ерлан Мұхитден баяндама жасап, бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, Түркістан облысы ҚАЖ департаментінің әкімшілік ғимаратының жай-күйі, Түркістан қаласында 500 орындық тергеу изоляторы мен 50 орындық арнайы қабылдағыш салу, бейнебақылау жүйесін орнату, №55 мекеменің қауіпсіздік инфрақұрылымы, мектеп пен колледж ғимараттарын теңгерімге өткізу, өндірістік қызметті дамыту, №55 мекеменің әкімшілік ғимаратын жөндеу және пробация қызметін материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау мәселелері сөз болды.

Мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Сансызбайұлы нақты тапсырмалар берді.

– Пробация есебінде тұрған азаматтар үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс орындарын көбейту қажет. Сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы ҚАЖ жүйесіне қатысты хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен әкімдік басқармалары бірлесе жұмыс жүргізуі тиіс. Барлық тапсырма белгіленген мерзімде орындалуы қажет. Облыс аумағында пробация үйлерін ашу мәселесі пысықталып, іске асырылуы қамтамасыз етілсін, – деді ол.

Жиын қорытындысында саладағы кемшіліктерді жою бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ барлық айтылған ұсыныс-пікірлер мен тапсырмалардың толықтай хаттамаға енгізілуін және оның орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts