Сауран ауданында 300-ге жуық мал бордақылау алаңы салынады

Сауран ауданында мал шаруашылығын дамыту мақсатында заманауи бордақылау алаңдарын салу және инвестициялық жобалар іске асырылуда. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға ниетті ресми инвесторлармен кездесіп, Ескі Иқан ауылдық округінде құрылысы жүріп жатқан 15 мың бас ірі қараға арналған 30 мал бордақылау кластерінің алаңы таныстырылды. Бұл кешен аудандағы мал шаруашылығы инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Алдағы уақытта аталған аумақта 10 мың бас ірі қараға арналған 20 қора салу жоспарланған. Бұл өз кезегінде ауданның өндірістік қуатын арттырып, мал шаруашылығын қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің аумағынан жалпы көлемі 185 гектар жер телімі бөлініп, 2026-2027 жылдар аралығында 292 мал бордақылау алаңының құрылысы жоспарланып отыр. Жобаның басты ерекшелігі — инфрақұрылым мен қызметтерді бір орталыққа шоғырландыру арқылы тиімділікті арттырып, өндіріс шығындарын азайту және сапаны жоғарылату.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысы әкімдігі мен «Бәйтерек» басқарушы холдингі бірлескен жобаларды жалғастырады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшинмен кездесті. Кездесуде облыста аталған…
Толығырақ

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…