Шәуілдірде тұрғын үйлер жөнделеді

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12 пәтерлі тұрғын үйді аралап көрді» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқиға кезінде ғимаратта 7 адам болған. Барлығына уақытша баспана беріліп, қазіргі таңда олар туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.

Өңір басшысы оқиға орнын қарап шығып, тиісті қызметтерге төтенше жағдайдың салдарын жоюды, зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жедел ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ тұрғын үй қалпына келтірілгенге дейін тұрғындарды уақытша орналастыру мәселесін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Жарақат алған әйел адам ауруханада ем қабылдауда.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысын жалғастыруда. Алдағы күндері зақымданған тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталмақ. Оқиғаның себептері құзырлы органдармен анықталып жатыр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Төлебиде медициналық нысан ашылды

Төлеби ауданына қарасты Тағайна ауылында алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұл туралы облыс әкімінің…
Толығырақ

Жаңа буын әкімдер – жаңа серпін әкеледі

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтті. Жиынның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.…