Тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді

Түркістан облысының Сауран ауданында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  «Тең қоғам» бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған «Тең қоғамда» мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтер көрсетеді. Бұл жерде бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балалардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.

Бұл орталықта балалардың сауаттылығын арттырып, көңіл күйін көтеріп, ортаға бейімдеу мақсатында түрлі іс-шаралар өтіп тұрады.

Биылғы жылы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен «Бақ-Жұлдыз» атты байқауда Акимжанов Үмітжан бас жүлдені иемденсе Ерғанат Динара 1- орын, Әділбек Інкәр 2- орын, Абдужалал Рабия 3 – орынды иеленді. Рустамхан Шохбегім, Адилова Диана, Каримова Рухшона, Абдужаппаров Мураджон, Набишева Шадияна, Нұржігіт Нұрасыл, Ержігіт Назерке ынталандыру сыйлықтары және Сауран аудан әкімінің Дипломымен марапатталды.

Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалардың өз бейімбіліктерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мәселен, Валиев Розмухаммед  Түркістан қаласында «NURLY» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық « NURLY FEST» көпжанрлы өнер байқауында Аспапта ойнау номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен 1-орын иеленді.

Айта кетсек Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ  мен «Шаңырық жастар қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастырумен облыстық «Мейірім шуағы» атты мүмкіндігі шексіз жастар арасында қылқалам  және қолөнер шеберлерінің көрмесі өткен болатын. Оған Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Тең қоғам бөлімшесінен» Әділбек Іңкәр қылқалам шеберінен, Набишева Шадияна қолөнер шеберінен қатысып, топ жарған 20 үздіктің қатарынан табылды.

Ал Астана қаласында Боччадан тірек-қимыл аппараты зақымданған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының 3-чемпионатында,

Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Тең қоғам бөлімшесінен» Абжаппаров Мураджан мен Валиев Розахмет қатысқан. Нәтижесінде, Абжаппаров Мураджан 2, Валиев Розахмет 3-орын  жеңімпаздары атанған.

Ал «Ата заң –асыл мұраттар бастауы» атты салтанатты мерекелік іс-шараға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Дәуірхан Асылбек қатысып, Ата Заңымыздың айбары асқақтай берсін деп игі тілектерін білдірді. Мерекелік жиында «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламасы жиналған көпшілік назарына ұсынылды. «Тең қоғам» бөлімшесінен қызмет алушы ерекше балалар Валиев Розахмет және Абжаппаров Мураджан ән шашуымен өз өнерлерін көрсетті. Сонымен бәрге, аспазшылардың қолдарынан жасалған түрлі тағамдар, тігіншілердің құрақ көрпелері, қыз жасау және қолөнер бұйымдары, шаштаразшы қыздардың шаш үлгілері тамашаланды.

Ал мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай өткен «Рухты, жігерлі жандар» атты мерекелік іс-шарасына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Асылбек Дәуірхан Сейілбекұлы, ардагерлер төрағасы Ахметов Сейілхан құттықтап, ақ тілектерін арнады. Балдырғандардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты.

Айта кетйік, орталыққа келген балалардың психикалық дамуының ауытқу себебін, көңіл-күйін, мінез-құлқында шиелініскен жағдайды анықтау үшін, ақыл-ой дәрежесін анықтау мақсатында психологиялық жеке талдау жұмыстары жүргізіледі.

Психопедогогикалық тексеру — балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде көптеген мәселелер қарастырылған.  Зейіні тұрақсыз қабылдау қабілеті төмен ерекше балаларға арнап,  ағаш бейнесін ің психологиялық суретін салу арқылы ағаш пішініне қарай жеке талдау диагностикасы жүргізілді. Ерекше балаларымыздың басым көпшілігінде ағаш пішіні қоршалған жабық пішінде болды, себебі олардың мінездері өте тұйық, ортаға бейімделмеген, қараңғыдан ата-анасынан жалғыз қалуға  қатты қорқады, бойларында үрей басым.Ерекше балаларымыздың жеке тұлға болып қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп жалпы психикасы жағынан ауытқушылықтары мен кемшіліктерін түзету барысында ерекше балаларға ойын тренингтер, сауалнама, ойын терапиясы өткізудің маңызы зор.

Homepage

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

654 заң бұзушылықтар жойылған

Түрістан облысы, Бәйдібек аудандық прокуратурасы ағымдағы жылдың 6 айында ауқымды жұмыстар атқарған. Атап айтқанда заңдылықтың бұзылуының алдын алу…

ЖОҒАЛҒАН РУХТЫ АҢСАУ

Над страной моей родною, Встала Смерть. Андрей Белый Аяулым! Біз құл болып бара жатқан халықпыз. Алтын Орда ыдырағаннан…