Полицейлер оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

Түркістан облысында полицейлер 300 –ден астам оқушымен профилактикалық кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Түркістан облысының полицейлері жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіпсіз қоғам құру мақсатында оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

300-ден астам оқушыны қамтыған жиында нашақорлық, лудомания, дропперлік қызмет, есірткіні заңсыз тасымалдау, әлімжеттік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының қауіпсіздік шаралары мен SOS батырмаларының жұмыс істеу тәртібі тексерілді.

Сайрам мен Төле би аудандарының мектептерінде өткен кездесуге Түркістан облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ермек Усербаев қатысты.

«Кездесу барысында полицейлер оқушыларды заңға бағынуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, дұрыс өмірлік таңдау жасап, ел болашағы үшін білімді де саналы азамат болып қалыптасуға шақырды» дейді баспасөз қызметінің хабарламасы.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының әкімі өзбекстан республикасының премьер-министрімен кездесті

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің кездесуі өтті. Кездесуге…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…